Алматы қаласының Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы 7 - Қысқы Азия ойындарына қызмет көрсетуде

АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Республикалық мемлекеттік «Қазгидромет» мекемесі мен 7- Қысқы Азия ойындарын ұйымдастырушы комитеттің ынтымақтастық келісіміне негізделе отырып, Алматы қаласының Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы 2011 жылдың 25 қаңтарынан бастап 7 -Қысқы Азия ойындарына қызмет көрсетуге кірісті.

Келісімінің негізгі мақсаты - халықты, спортшылар мен шетел қонақтарын ойындардың өткізілу кезінде ауа райының жағдайы және қауіп-қатерлі құбылыстардың туындау жағдайымен тиімді ақпараттандыру болып табылады. 21 қаңтардан бастап Алматы қаласының Гидрометеорологиялық мониториг орталығының қызметкерлері күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде. Ұйымдастырушылық және техникалық сұрақтарды жедел шешу үшін құрамында орталықтың басшылығымен, бөлім бастықтары, тәжірибелі синоптиктер және техника мамандары бар жұмысшылар тобы құрылды.

Қол қойылған келісім аясында 7 - Қысқы Азия ойындарының ұйымдастырушы комитет дирекциясына Алматы қаласының, Астана және Алматы облысының Талғар ауданы бойынша қар көшкіні жағдайының болжамы, қоршаған орта жағдайының сапасына шолу және Алматы қаласының Гидрометеорологиялық орталығы: Шымбұлақ, Талғар, Медеу, Алматы, Ақбұлақ және Табаған бақылау нүктелерінен алынған нақты мәліметтермен, болжанған ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Нақты гидрометеорологиялық және экологиялық ақпараттармен толық болжамдар беру үшін «Ақбұлақ» спорт-сауықтыру кешені мен «Табаған» кешенінде бақылау жүргізу ұйымдастырылған. Осы мақсатта 2 жылжымалы метеостансы (ПМС-69) ауа температурасы, қысымы мен ылғалдылығына өлшеу, желдің жылдамдығы мен бағытына, атмосфералық қысымға, жауын-шашын мөлшері мен атмосфералық құбылыстарға бақылаулар жүргізу үшін орнатылған.

Алматы қаласының Гидрометеорологиялық орталығының Ақпаратты қостау басқармасында диспетчерлік пункт құрылған, онда тәулік бойы (сағат сайын) Ақбұлақ және Табаған, Алматы - біріккен гидрометстансысы, Талғар, Медеу, Шымбұлақ қар көшкін стансасында орнатылған жылжымалы метеостансыларда метеороллогиялық және экологиялық ақпараттар қабылданады. Ары қарай ақпараттар бекітілген сызба бойынша Астана қаласының Гидрометеорологиялық орталығына, Азияданың ұйымдастырушы комитетіне, Алматы қаласының метеорологиялық болжам бөлімі мен басқа тұтынушыларға белгіленген уақытта жіберіледі.

Жарыс өтетін жерлерде мамандар онлайн режимінде ауа-райы жағдайы мен қоршаған орта жағдайы туралы ақпараттар береді. Сондай-ақ Алматы мен Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары ауа-райының құбылыстары, нақты және күтілетін гидрометеорологиялық жағдайларының өзгерісі туралы жедел ақпараттарды тәулік бойына РМК «Қазгидрометтің» орталық диспетчерлік қызметі мен Алматы қаласының Гидрометеорологиялық орталығының диспетчерлік қызметінен ала алады.