Еске сала кетейік, оқиға бүгін Бөкейханов көшесінде орын алды. Бұған дейін хабарланғандай, ішінде полиция қызметкерлері отырған көлік тұраққа қойылған автомобильге соғылды. Жол-көлік апаты салдарынан полиция қызметкерлері түрлі жарақаттар алды. Куәгерлердің айтуынша, олар мас күйінде болды.
«Жол-көлік оқиғасының фактісі аудандық ішкі істер басқармасында тіркелді. «ВАЗ» маркалы көліктің жүргізушісі мен жолаушылары куәландырылды. Наркологиялық сараптаманың алдын ала мәліметтері олардың мас болмағанын көрсетіп отыр. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер - жол-патрульдік полицияның екі қызметкері ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, онымен бірге қызметтік тексеру өткізілуде», - деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.