Оған: қазақ әдебиетін дамытуға айырықша еңбегі мен Алматы қаласының қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін - ақын Марфуға Айтқожина, елдің рухани және интеллектуалды әлеуетін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін және белсенді қоғамдық қызметі үшін - ҚР ҰҒА академигі Салық Зиманов, театр өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін және белсенді қоғамдық қызметі үшін - Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев кірді.
Марфуға Айтқожина - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «жыр аққуы» атанған белгілі қазақ ақыны. М. Айтқожина лирикалық өлеңдермен қатар, көптеген әндердің авторы. Ақын Алматы қаласына арнап көптеген жырлар мен арнаулар жазған.
Салық Зиманов - ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері. Салық Зиманұлы мемлекетіміздің Ата заңынан бастап, тәуелсіздік тарихында заң ғылымының берік негізін қалыптастырған тұлға.
Сәбит Оразбаев - Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Актердің қазақ өнерін дамытудағы қосқан еңбегі зор. Халық әртісі театр сахнасында 100-ден астам рөлдерді сомдады. Ол, сонымен қатар көптеген кинофильмдерге түскен.
10:54, 21 Қазан 2011
«Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағына ұсынылған тұлғалардың есімі белгілі болды
МАТЫ. 21 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласында өткен кезекті мәслихатта депутаттар «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағына ұсынылған тұлғалардың есімін бекітті.