Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін құру бағытында 8 жоба қаржыландырылды

АЛМАТЫ. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін құру бағытында 8 жоба қаржыландырылды. Бұл    бүгін   қалалық әкімшіліктегі алғашқы 6 айдың  әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылауға арналған кеңейтілген мәжілісте айтылды,

   деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 "Алматы қаласы маңында азық-түлік белдеуін құру кезінде  24 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Олардың   жобалық жалпы құны 41 миллиард теңге. Қазіргі таңда  Қазагрофинанс, Аграрлық несие  корпорациясы, ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры мен тағы басқа да қаржылық және инвестициялық компаниялардың қатысуымен 8 жоба қаржыландырылды", деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының төрайымы Лариса Васильева. Оның айтуынша, бұл жобалардың құны 3,3 млрд теңгені құрап отыр. Олар Қарасай батыр ауданындағы  Шамалған ауылындағы көкөніс қоймасы,   Алматы қаласы мен  облысындағы жылыжай кешендері және соя, жүгері сияқты дақылдарды өңдеуге арналған кәсіпорындар.