Жер асты дүмпулері Тараз қаласында MSK-64 шкаласымен 2 балл шамасында сезілді.
Зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.
АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Тараз қаласында таңғы 6 сағат 24 минут 23 секундта Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі болды. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 490 шақырым жерде орналасқан. Координаттары - 41о 27′ с.е. және 71о 56′ ш.б. Энергетикалық класы К=12,2, магнитудасы MPV - 4,9. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Жер асты дүмпулері Тараз қаласында MSK-64 шкаласымен 2 балл шамасында сезілді.
Зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.