деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес прокуратура органдары сайлау туралы заңнамалардың қолданылуына сайлаудың барлық сатысында қадағалау жүргізетіні туралы айтылды.
Халықаралық бақылаушы Эндрю Мак Интиді сайлау кезінде занамаларды қолдану барысында қандай ерекшеліктер болатыны қызықтырды. Алматы қаласы прокурорының орынбасары Ж.Өміралиев Конституциялық заңның 49 бабын түсіндіре келе, «прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткiзуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөнiндегi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қарап, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi,- деді.
Эндрю Мак Инти басқа да сайлау заңдылықтарын бұзу туралы өтініштер туралы сұрады. Қала прокурорының орынбасары оған сайлау туралы заңдылық бұзылуы туралы сотқа 2 арыз түскені туралы хабарлады. Бір арыз бойынша заң түсіндіріліп, ал екінші арыз бойынша ҚР Әкімшілік жүргізу Кодексінің 100 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.
Содан кейін халықаралық бақылаушы Эндрю Мак Инти қалалық прокуратурада сайлау заңнамасын жүзеге асырганда қандай қадағалау ресурстары бар екенін сұрастырды. Ол қала прокуратурасында арнайы сайлау заңнамасын қолдану барысын қадағалайтын жұмыс тобы құрылғаны туралы хабардар етілді. Прокуратура органы қалалық сайлау комиссиясы мен құқық қорғау ұйымы және сотпен өзара қарым қатынасты жүзеге асырады. Сондай-ақ жүздесу кезінде прокуратура ұйымы бұқаралық ақпарат құралдары мен өкіметтік емес мекемелермен диалогқа ашық екені туралы әңгіме болды.