Алматы қаласы мұражайының тағдыры жайлы осы мекеме қызметкерінің сұрағына әкім былайша жауап берді:
«Алматы қаласының мұражайы қазір шынында да өте тар жерде орналасқан. Жәдігерлердің сақталуы сын көтермейді. Сондықтан биыл Алматы қаласының 1000 жылдығын атап өту аясында мұражайды Алматы медициналық колледжінің бұрынғы ғимаратына көшіруді ұйғардық. Өйткені бұл ғимарат - қаламыздағы ағаштан салынған ең көне ғимараттардың бірі (1892 жылы салынған). Жыл соңына дейін онда заманауи экспозициялар орнатылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта қаладағы мемлекеттік музейде Алматының 1000 жылдығына арналған бөлек павильон ашылады», - деді Б. Байбек.