Алматы қаласының Жетісу ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, 42 жастағы азамат мерт болды

None
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Жетісу ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, 42 жастағы азамат мерт болды. Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 25 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылды.