Бұл ақпарат әлеуметтік желіде таралған болатын.
2017 жылдың желтоқсанында және 2019 жылдың қаңтарында «Алматы-Қапшағай» тас жолында ірі жол апаты болған еді. Көктайғақтан 6-20 автокөлік соқтығысты.
«Осы жол апатынан соң жол жабындысына эмульсиялық-минералдық қосынды төсеу туралы шешім қабылданды. Сырты қабыршақ, әрі жылу алмасу қасиеті жоғары жабынды жол апатының алдын алады. Жалпы алғанда осы жолдың солтүстікке қарай 5 шақырымына жабынды төселеді. Бұл жұмыстар қыркүйекте аяқталады», - деді «ҚазАвтоЖол» АҚ.