Алматы-Қапшағай тасжолының жолының 20-шы шақырымында ішімдік ішкен қыз көлік соғып мерт болды.
Алдын ала жасалған болжам бойынша, қаза тапқан қыз күре жолдың ортасына шығып кеткен. Оны қаққан көлік оқиға орнынан ізін суытқанымен өзге көліктер тоқтаған. Алайда, Қапшағайға бағыт алған «Мерседес» жүргізушісі мүрдені байқамай, үстінен басып өткен.
Куәгерлердің арасынан мас қызды екі сағат бұрын «Магнум» сауда орталығынан көргендер табылды.
Куәгерлердің айтуынша, сауда орталығында ол мас болып жүрген.
Полиция оқиға себебін анықтау үстінде.