Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстарында жел күшейіп, жаңбыр жауады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстарында ертең жел күшейіп, жаңбыр немесе бұршақ жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

26 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 тамызда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Көкшетауда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

26 тамызда Алматы облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жаңбыр алдында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.