Оның айтуынша, орталықта 15 инфекциялық төсек орын жайғастырылған.
«Себебі, инфракт алған науқас пен қан қысымы жоғары науқас негізгі диагнозына қатысты ауруханада емделуі тиіс. 1 желтоқсанда провизорлық орталықта бір адамда вирус анықталды. Біз профилактикалық тексеру жүргіздік. Нәтижесінде 22 адамнан оң тест нәтижесі шықты. Сондықтан, бөлімше палаталарында инфекция ары таралмас үшін дезинфекциялық өңдеу жасалды», - деді Бекшин.
Оның айтуынша, бұл шаралар ауруды ауыздықтауға септігін тигізбек.
Сонымен қатар, коронавирус кардиоорталықтың 2 қызметкерінен табылды. Олар уақытында оқшауланған.
Мұның алдында кардиологиялық орталық жоспарлы тазалық жұмыстарына байланысты жабылғанын хабарлаған едік.