Алматы кеденшілері заңсыз алтын тасымалының жолын кесті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері зергерлік бұйымдар контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы қалалық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Алматы халықаралық әуежайында «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері «Шарджа - Алматы» әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының азаматшасын ұстады.

Ұсталған күдіктінің қол жүгіне тексеру амалдарын жүргізу барысында кеден органында декларацияланбаған жалпы салмағы 1 кг асатын 200 данадан астам сары және ақ түсті зергерлік бұйымдар тәркіленген.

Бүгінгі уақытта Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тәркіленген дәйекке қатысты процессуалды шешім шығару үшін тергеу алды амалдарын жүргізуде.