Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығының консулы Ирина Переверзева Фейсбуктегі парақшасында ғимарат маңына қойылып кеткен ойыншықтар одан әрі қайда жіберілетінін айтты.
«Оларды ң бәрін жуып, кептірдік. Адамдар Консулдық жанына ойыншықтар алып келіп жатқанда, кейін оларды жуып, кептіру кезінде барлығымыз көз жасымызға ерік бердік. Ойыншықтар өте көп - бірнеше қап. Олармен не істеу керектігін білмедік. Мен Митрополит Александрге барып, кеңес сұрадым. Ол барлық балалар күнәсіз періште екендігін және оларға арналған ойыншықтар өзге періштелерді қорғап жүрсін деген ақылын айтты», - деді И.Переверзева.
Айта кету керек, Кемерово қаласындағы «Зимняя Вишня» сауда үйіндегі алапат өрттен 64 адам, оның ішінде 41 бала қаза болған еді.