Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 тамыз күні түнгі сағат 22:30 шамасында болған. Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 156 шақырымында, яғни Еңбекшіқазақ ауданының аумағында екі көлік соқтығысқан.
«27 жастағы «Yutong» автобусының көлік жүргізушісі бұрылыста қарсы бағытқа шығып кетіп, «Mercedes-Benz» көлігіне соғылған. Салдарынан жеңіл автокөліктің 43 жастағы жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал жолаушысы түрлі дене жарақатымен Шелек ауылындағы орталық ауруханаға түсті»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір осы көлік апаты бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.