Жалпы құны 5,4 млрд теңге болатын бұл жоба жеке инвестициялар есбінен жүзеге асты.
«Кешеннің өндірістік қуатына келсек, жылына 550 мың тонна қоқысты құрайды. Зауыт жобасында Алматының қатқыл тұрмыстық қалдықтарының жалпы көлемі және алдағы бес жылдағы көлемі де ескерілген. Қазір мегаполисте жылына 600 мың тоннаға жуық қоқыс жиналады. Біз ТҚҚ сұрыптау кезінде қаланы толық қамтитын боламыз», - дейді инвестиция компаниясының директоры Дмитрий Данильченко.
Ол кешеннің нақтылы сызба бойынша жұмыс істейтінін, соның арқасында ТҚҚ-дан қатқыл шикізат өндіруге болатындығын жеткізді.
Пайдалы шикізат алу үшін қоқыс өңделер алдында сұрыпталады. Яғни қоқыс құрамындағы ірі заттар, түрлі-түсті және қара металдар, әйнек пен пластик алынып тасталады.
Қалдықтың жалпы көлемінен 50 мың тоннаға жуық екінші шикізат алу жоспарланған. Соның ішінде: ПЭТ - 31%; картон - 24%; целлофан - 8%; әйнек - 29%; пластик - 7%; металл - 7%.
Алынған екінші шикізат одан әрі өңдеу үшін өзге өндіріс орындарына жіберіледі. Осылайша шаруашылық айналымы іске асады.
Жоба жүзеге асқан жағдайда 530 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, зауыт айналасында екінші шикізатты өңдейтін учаскелер ашу жоспарланған.
Қоқыс сұрыптау кешенінің ашылуы Алматы үшін өте маңызды. Өйткені, қалада тұрмыстық қатқыл қалдықтар барлық коммуналды қоқыстың 95%-ын құрайды.
Иллюстрациялық фото