АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы InterContinental қонақүйінде қызын өлтірген күдікті ер адам 41 жастағы Ұлыбритания азаматы болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін, күдіктіні 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын.
Еске салайық, 24 қазан күні ер адам бір жарым жасар қызын ұрып-соғып, мерт қылды. Алғашында ол перзентін буындырып өлтіргендігі туралы хабар тараған еді.
Алматы қалалық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, аталмыш факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚР ҚК-нің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.