АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы InterContinental қонақүйінде қызын өлтірген күдіктіні қамау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлыбритания азаматын қамауға алу мерзімін тағы бір айға 2020 жылдың 24 ақпанына дейін ұзартты», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін күдіктіні 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын.
Еске салайық, 24 қазан күні ер адам бір жарым жасар қызын ұрып-соғып, мерт қылды. Алғашында ол перзентін буындырып өлтіргендігі туралы хабар тараған еді.
Кейін күдіктінің 41 жастағы Ұлыбритания азаматы екені белгілі болды
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.