деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Кеше кешкі сағат 21:27-де Алматы қалалық ІІД пультіне «Астана» қонақ үйіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түсіп, 60 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.
Төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.