Атап айтқанда, бүгін түнгі сағат 02:16-да 101 қызметінің пультіне Әуезов ауданында орналасқан «Экспресс» қонақ үйіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түскен. Соның салдарынан қонақ үйдегі 20 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.
Ықтимал төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.