Жиын барысында 500 адам қызмет ететін аталмыш серіктестіктің еңбек ұжымы референдумды бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Махамбет Бейдәлі Елбасының өкілеттігін ұзарту жөніндегі бастаманы алматылықтардың қызу қолдап жатқанын айтты. «Бүгінде барлық жерде аталған бастамаға қолдау білдірушілер артуда. Елбасының басшылығымен индустриялды - инновациялық және басқа да мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Осы бағдарламаларды Елбасымен бірге жүзеге асыруда Президентіміздің өкілеттігін ұзартудың маңызы зор», деді М. Бейдәлі.
«Алматы көпір бөлшектерін жасау зауыты» ЖШС 1963 жылдың 26 наурызында іске қосылған еді. Мұнда көпір, туннель, автокөлік жолдары және т.б. құрылыстарына қажетті темірбетон бөлшектері жасалады.