Атап айтқанда, Антон мен Наталья Папазовтар арбалетпен қыздардың төбесіндегі шарды атып, мергендіктерін сынайды.
Белгілі әуе акробаттары Надежда Красовская мен Наталья Васильева 8 метрлік биіктіктен сақина нөмірін орындайды.
Сондай-ақ, Надежда Красовскаяның үйретілген маймылдары, Сергей Причиничаның иттері мен аюлары қосылып өнер көрсетеді.
Алматы көрермендері алғаш рет қолтырауындардың өнеріне куә болады. Ұзындығы 3 метр 20 см болатын миссисипи аллигаторы Марта ең күрделі трюктер жасайды.
Оны қожайыны туған сәтінен бастап бағып келеді. Аллигатор аптасына 10 келі ет жейді.
«Оларды махаббатпен бағуға тырысамын. Зұлымдыққа зұлымдықпен жауап береді. Абай болған жөн. Негізі олар дрессировкаға көнбейді. Олар қожайынға үйреніп алады. Жыртқыштық түйсігі оянбас үшін қойылым болар алдында балапан, балық, тауық сияқты жаны бар жануарларды бермеуге тырысамын. Мен өз қолтырауындарымды еркіндікке жіберсем, олар 1 тәулік те өмір сүре алмас еді», - деді Александр Орлов.
«Бүгін біздің қазақ мемлекеттік циркіне арнайы Мәскеуден жаңа бағдарламамен қойылым келіп жатыр. 30 сәуір мен 29 мамыр аралығында өз өнерін Алматы тұрғындарына паш етеді. Күнделікті кездесе бермейтін жануарлар, үлкен шеберлер өз өнерлерін тарту етеді. Көпұлтты елден тұратын өнерпаздар өнер көрсетеді. Беларусь, Украина, Ресейден аты елге мәшһүр цирк әртістері өнер көрсетеді. Келіңіздер, тамашалаңыздар», - деді «Қазақ мемлекеттік циркі» МКК директоры Бақыт Бөкебаев.