Бәйдібек би ауылының маңында ақылы жолдың бетонды плиталары бір-біріне қосылған тұсында қозғалған. Соның салдарынан тас жолдың беткі қабаты көтерілген.
«Ақау шыққан учаскеде «ҚазАвтоЖол» жұмысшылары әкімшілік полиция қызметкерлерімен жедел түрде ескерту белгілерін орнатып, жол бойында патрульдік көлік кезекшілік жүргізді.
Кемшіліктер жылдам жойылып, көліктердің қауіпсіз қозғалуы қамтамасыз етілді. Ведомство өкілдері уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрап, ақауды дер кезінде анықтап, хабарлаған көлік жүргізушілеріне алғыс білдіреді», - делінген «ҚазАвтоЖол» АҚ-ң баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.