«Жөл-көлік оқиғасы Панфилов ауданында Алматы-Қорғас тасжолының 337-шақырымында болды. 29 жастағы жүргізуші Lada автокөлігін басқара алмай, аударылған. Оқиға салдарынан 26 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды», - деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Зардап шеккен жүргізуші әйел мен екі жасар бала аудандық ауруханаға жеткізілді.Жол апатының себебі анықталуда. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.
Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі