Облыстық Полиция департаменті жол апаты фактісін растады.
«Алматы-Қорғас» тасжолының 313-шақырымында «Ауди-100» және «Тойота-Камри» автокөліктері соқтығысты. «Тойота» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілгеннен кейін жан тапсырды. Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді», - делінген ведомство хабарламасында.
Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.