Алматы-Қорғас жолын жаңғыртуға 1 068 млн. доллар қарыз қаражаты бөлінеді - Парламент

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шығыс-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы -Қорғас учаскесі):

Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b) ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Құжаттың мақсаты Алматы облысының шегіндегі автожол учаскелерін жаңғыртуды көздейді. Аталған учаскенің ұзақтығы үш жүз төрт шақырымды құрайды.

Осы жобаны іске асыру елдің көліктік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді. Халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын едәуір арттырады, транзиттік жүктер айналымы тиісінше өсетін болады. Бұл ретте ХҚҚДБ Қазақстанға 1 068 млн доллар сомасында қарыз береді. Қарызды өтеу мерзімі бес жыл жеңілдікті қоса алғанда он тоғыз жыл болып белгіленген. Бұл ретте ҚР Үкіметінің бірлесіп қаржыландыруы 188,5 млн. доллардан аспайды.