Осы жобаны іске асыру елдің көліктік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді. Халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын едәуір арттырады, транзиттік жүктер айналымы тиісінше өсетін болады. Бұл ретте ХҚҚДБ Қазақстанға 1 068 млн доллар сомасында қарыз береді. Қарызды өтеу мерзімі бес жыл жеңілдікті қоса алғанда он тоғыз жыл болып табылады. Бұл ретте ҚР Үкіметінің бірлесіп қаржыландыруы 188,5 млн. доллардан аспайды.
Аталған учаскенің ұзақтығы үш жүз төрт шақырымды құрайды.