«2020 жылдың басында Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы фототұзаққа үш қар барысы ілінген еді. Видеода қар барыстарының өз аумағын бекемдеп жатқанын көруге болады. Кейінгі кезде камераға аңдарды көбірек түсіре бастадық», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.
Оның жазуынша, видео аңдардың таралуы мен көшу жолдарын зерттеуге мүмкіндік береді.