Бұған 210 техника жұмылдырылды. Жиналған қар қала сыртына жедел тасылуда. Сондай-ақ қаланы тазалауға швейцариялық заманауи тоғыз «Боунг Джетбрум» көлігі тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаланы таза ұстап, қысқы мерзімде жедел тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында «ҚЭБ Автобазасы» қосымша арнайы 50 көлік, жерге себілетін 12 мың тонна материал және 3 мың тонна хлорид дайындады. Жалпы «ҚЭБ Автобаза» АҚ-да 687 арнайы техника бар.