Одан кейін Алауды бірінші болып қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов алып жүрді. Әкімнің орынбасарынан эстафетаны қазақстандық танымал спортшы, ҚР Тұғырдан шаңғымен секіру федерациясының президенті Андрей Вервейкин қабылдады.
Одан кейін Алматы көшелерімен алдын ала белгіленген бағыт бойынша Алау эстафетасын танымал тұлғалар мен спортшылар, мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік және ҮЕҰ өкілдері жалғастыруда. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бұл салтанатты шараға 80 адам қатысады.