деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД Жол полициясы басқармасына сілтеме жасап.
Жол полициясының таратқан ақпараты бойынша, Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммитінің өтуіне байланысты қаланың кейбір көшелерінде автокөлік қозғалысына бірқатар шектеулер қойылады. Осы орайда, Алматының Жол полициясы басқармасы тұрғындар мен автокөлік иелеріне жол полициясы инспекторларының барлық талаптарын сақтауды және уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Бұған қоса, аталған уақыт ішінде Жол полициясы басқармасының әкімшілік-тәжірибе бөлімінде, тіркеу-емтихан қабылдау бөлімінде және диагностика орталығында азаматтарды қабылдау шектелуі мүмкін.
Осыған дейін де хабарланғандай, Қазақстанға «Өзара іс-қимыл - 2009» әскери оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңіне қатысу үшін ҰҚШҰ-ға мүше елдер мемлекет басшылары шақыртылған болатын.
Айта кетелік, қазанның 16-сы күні Жамбыл облысының Гвардиялық кентіндегі «Мәтібұлақ» полигонында ҰҚШҰ-ның Жедел қимылдау ұжымдық күштерінің қатысуымен бірлескен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулардың ақырғы кезеңі өтпек.