Алматы көшелеріндегі шұңқырларды жамау жұмысы уақытынан бұрын басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда асфальтбетон қоспасын пайдаланып жолдардағы шұңқырлы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жөндеу жұмыстары магистральдық және аудандық маңызы бар көшелерде жүргізіледі және қаланың барлық ауданын қамтиды.

Шұңқырларды жамау жұмысының сапасын арттыру үшін маусымдық профилактикада болған асфальтбетон зауыты іске қосылды.⠀

«Биыл ұзындығы 200 шақырым болатын 220 көше орташа жөндеуден өтеді. Алматы қалалық мобильділік басқармасы, «Асфальтбетон-1» зауыты мен жол жөндеуге маманданған компаниялар өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, асфальтбетон зауыты жыл сайын жүргізілетін жоспарлы профилактикалық жұмыстан кейін бірден іске кірісті»,- деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.