«Алматы көшелеріне жыл соңына дейін 600 бейнекамера орнатылады. 2020 жылы тағы 400-ін орнату жоспарда бар. Интеллектуалды жүйесі бар, заманауи камералар қаланың барлық негізгі нысандарын қамтиды. Адамдар көп жиналатын жерлерді бақылайды. Бұл - қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі»,- деді шаһар басшысы.
Сонымен қатар, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қаланың барлық аудандарында 11 фронт-кеңсе ашылады. Онда келушілер ХҚО негізінде ыңғайлы жағдайда қызмет ала алады.Сондай-ақ, актив отырысында сел қаупін азайту мәселесі де қаралды.
«Сел қаупін азайту мақсатында биыл Алматы, Қарғалы және Ақсайдың кіші және үлкен өзендер бассейндерінде 10 автоматтандырылған бақылау станциясының құрылысы басталды»,- дейді Сағынтаев.
Қала әкімі жауапты мекемелерге сел қаупі бар нысандарға бақылау станцияларын жеделдетіп орнатуды тапсырды.