Алматы көшелеріне диодты шамдар қойыла басталды

АЛМАТЫ. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда көшелерді диодты жарықтандыру жобасы жүзеге асуда. Бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов Медеу ауданындағы пилоттық жобамен танысты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Бұл ауданда пилоттық жоба аясында диодты шамдардың 1 301-і орнатылған. Бұндай жарықтандырудың басты ерекшелігі - экономикалық тиімділігінде. Өйткені электр энергиясы шығындары 25%, іске қосу шығындары 35 % азаяды. Жалпы алғанда бір жылдық шығын әдеттегі жарық шамдарымен салыстырғанда 29% -ға азаяды. Бұндай шамдарды пайдалану уақыты кез-келген ауа-райы жағдайында 10-11 жыл. Еске сала кетейік, бұған дейін осындай жарық шамдарын пайдалануға көшу туралы Елбасы да ескерткен болатын.