«25 желтоқсанда сағат 16.21-де Алматы ТЖД пультіне: Медеу ауданындағы Төле би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында автомобиль жанып жатыр деген хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер 7 минуттан кейін, яғни сағат 16.28 -де оқиға орнында болды», делінген хабарламада.
Оқиға расталды, элект сымдарының тұйықталуынан от ұшқындап, көлік өртенген.
Жалын тілі 16:32-де ауыздықталды және 16:35-те толықтай сөндірілді.