Оқиға Шаляпин көшесінің бойында, Сайн көшесіне жақын маңда болды. Куәгерлердің сөзінше, Шаляпин көшесінің бойымен батысқа қарай бет алып бара жатқан LADA Priora көлігі жол қиылысында солға қарай бұрылмақ болған. Оның соңынан мопед кетіп бара жатқан. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада» көлігінің бір қабырғасын келіп соқты.
Жол апатының салдарынан мопедтің жүргізушісі, жас жігіт зардап шекті. Оны түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен жедел жәрдем көлігі алып кетті.