Бейнекадрда таңғы 5:47-де 70 разьезд жақта екі автобус жарыса жөнелген. Кадр сыртындағы дауыс иесінің айтуынша, олар сағатына 100 жылдамдықпен қозғалған.
Полиция мұндай жылдамдықпен жүруге автобустарға тыйым салынғанын мәлімдеді.
«Бұл видео жергілікті полиция қызметіне тапсырылды. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді анықтап, заң аясында шара қолданатын болады», - деді баспасөз қызметінен.