Тұрғындардың сөзінше, пойыз бүгін сағат 03:00 шамасында тоқтаған.
«Біз мінген пойыз бір тоқтап, бір жүріп келе жатты. Жолсеріктің айтуынша, доңғалағынан ақау шығыпты. Тұрғанымызға шамамен 5 сағаттан асты. Пойыз іші жылы болғанымен, дәретханалар жабық. Адамдарды сыртқа шығармай жатыр», - деп хабарлады Гүлнұр Мейрамқызы есімді жолаушы.
Еске салсақ, 15 желтоқсан күні «Алматы-Қостанай» жолаушылар пойызы Ақмола облысының аумағында тұрып қалған еді.