Алматы қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәстүрлі веложарыс «Нұрлы жол» бизнес орталығы аумағынан басталып, бәсееге қатысушылар Республика сарайы алдындағы алаңға дейін шамамен 9 шақырым жүріп өтті.
Жарысқа қалалықтармен бірге даңқты спортшылар да қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Әуесқой үшсайыс федерациясының президенті Мұратхан Тоқмәди, үшсайыстан есімі әлемге танымал, IRONMAN турнирлерінің 14 дүркін жеңімпазы американдық Крис МакКормак, даңқты қазақстандық регбиші, ҚР Регби федерациясының президенті Мұрат Уанбаев, «Алматы Барысы-2016» жеңімпазы, дзюдодан халықаралық санаттағы спорт шебері Виктор Демьяненко,сонымен қатар Олимпиада чемпионы Ермахан Ибырайымов болды.
Әуесқой споршыларды мәре сызығында қазақстандық эстрада жұлдыздары күтіп алып, концерт қойды, бағалы сыйлықтар ойнатылды. Айта кетерлігі, жарыс басталар алдында спортшыларға арнайы нөмірлер берілген еді. Осы нөмірлер арқылы жаңа велосипедтер, мейрамханаға 2 адамға кешкі ас ішуге мүмкіндік беретін сертификаттар және түрлі тауарлар сертификаты ойнатылды.
Ал 2 адамға Бельгияға арналған жолдаманы Алматы қаласының тұрғыны әрі қалалық веложарысқа тұрақты қатысып келе жатқан Данас Урмурзин жеңіп алды.