Алматы күзінің қайталанбас бояулары (ФОТОРЕПОРТАЖ)
08:22, 19 Қазан 2015
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы күзі ерекше. Қайталанбас, жарқын, көркем. Ерте көктемнен бастап жасыл түске енетін қала күзде алтын түске түрленеді. Түсті бояулар салтанатын ұзақ жалғасқанын қалайсың.
Жылдың осы мезгілінде қалада ұзақ уақыт серуендеп, табиғат аясына шыққан жақсы, жаздың аптап ыстығы аяқталды, ал суық күндер басталған жоқ.
Күз ағаштардың жапырақтарын жарқын бояуларға қанық етеді: сары, сарғылт, қызыл. Жапырақтар жерге түскенде шұбар кілем төселгендей көрініс болады.
Күз бізге тамаша суреттерін сыйлайды. «ҚазАқпарат» ХАА өз оқырмандарына Алматы күзінің қайталанбас бояуларын тамашалауды ұсынып отыр.