АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Алматы қаласының Әуезов ауданы аумағында орналасқан «Almaty cotton plant» (Алматы мақта-мата комбинаты - ред.) ЖШС-нің қоймасынан өрт шықты,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, тілсіз жау 1 сағаттың ішінде сөндірілген. 120 шаршы метр аумақты шарпыған өрт орнынан 28 жастағы жұмысшының денесі табылған.
Қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 28 маманы мен 8 техникасы жұмылдырылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.