Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 23 сәуір күні кешкі сағат 19:00 шамасында болған.
«Алматы-Бішкек» тасжолының 17-шақырымында келе жатқан Yutong автобусының жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан DAEWOO көлігімен соқтығысып, ол инерциямен бетон жолдың жиегіне соғылған. Автобус та бетон жиекке, кейін инерциямен металл қоршауды соққан»,- деп хабарлады ведомстводан.
Апат салдарынан 1971 жылы туған әйел мен 7 жасар бала зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды.
Полицияның айтуынша, аталған дерек бойынша қажетті сараптама тағайындалған.
Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.