Алматы маңында болған әуе апатында қаза тапқан барлық адамдардың мүрделері танылды

АЛМАТЫ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде әуе апатында қаза тапқан барлық адамдардың мүрделері танылды.

Кеше тану бойынша жұмысты жеңілдету үшін мүрделерді Алматының қалалық орталық мәйітханасына жеткізу шешімі қабылданды. Бұл турады ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары Юрий Ильин айтты.

«Қазіргі кезде қаза тапқан сегіз адамның мүрделері Көкшетауға аттандырылу үшін әуежайға жеткізілуде. Қаза тапқан кейбір алматылықтардың мүрделері туыстарына берілді, Қырғызстан азаматының мүрдесі бүгін жіберілді. Әуе апатының басқа құрбандарының мүрделері жұма күні жіберіледі», - деп атап өтті Ю.Ильин.

2013 жылдың 29 қазанында болған әуе апатының салдарынан қаза тапқан адамдардың тізімі - мына жерде .