Оның сөзіне қарағанда, дауыл салдарын жою үшін ведомствоаралық арнайы комиссия құрылып, экологиялық, қаржылық шығынды, сондай-ақ орман мен жер қыртысын қалпына келтіру мәселесін анықтайды.
А.Мамытбековтың айтуынша, құлаған ағаштар сатылымға түседі. «Қазіргі кезде ағаштарды сату үшін арнайы бұйрыққа қол қойылды. Ағаштар көтерме бағамен шет елге, сондай-ақ еліміздегі компанияларға сатылады. Құлған ағаштарды орнында өңдеу үшін жылжымалы ағаш кесу құрылғылары орнатылады. Сатудан түскен қаржы орманды қалпына келтіруге, атап айтқанда жас ағаштар отырғызуға жұмсалады»,- деді министр.
Министр Алматы тарихында бірінші рет болған осындай дауылдың салдары орасан болғанын айтады. Мамандардың есебі бойынша, 17 мамырда Іле Алатауы ұлттық паркінде құлаған ағаштарды тазалауға кем дегенде екі жылға жуық уақыт керек. Естеріңізге салайық, зардап шеккен аумақ 480 гектар, зақымданған ағаш көлемі 96 мың текше метр.