Алматы маңында джиу-джитсудан турнир өтті

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Алматы облысында балалар мен ересектер арасында джиу-джитсудан екі күндік ашық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыс «Рухани Жаңғыру» және Жастар жылы аясында өтті. Оған 5 жастан 30жасқа дейінгі 300-ден астам спортшы қатысты. Еліміздің әр аймағы мен Қырғызстаннан шығыс жекпе-жегінің қыр-сырынжетік меңгерген жастар келді.

«Турнирдің бірінші күнінде 5 жастан 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысты.Екінші күні 16 және одан үлкендер бақ сынады. Жарысқа қатысушылардың барлығыжақсы дайындықпен келген. Спортшылардың барлығы кәсіби мамандар. Араларындаәртүрлі чемпионаттардың жеңімпаздары да бар. Жалпы, бұл турнир алдыңғытурнирлермен салыстырғанда ерекше болды деп санаймын, өйткені жасқатысушылардың саны артып келеді. Яғни, бұл Қазақстанда джиу-джитсудың белсенді дамып келе жатқандығын көрсетеді», - дейді «Sagadat batyr -QTT»клубының бас жаттықтырушысы НұрсұлтанОрынбасаров.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл чемпиондардың басым бөлігі Іле ауданындағы кәсіпқой спорт клубыныңтәрбиеленушілері. Қазіргі таңда 500-ге жуық қыз бен жігіт бірнеше клубташеберліктерін шыңдап жатыр. Олар әлемдік жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.

«Бұл турнирге ерекше көңіл бөлдік. Қазіргі таңда джиу-джитсу спортына дегенсұраныс зор. Аудан жастарына дән риза болдым. Біздің мақсатымыз елімізде осыспорт түрін дамыту. Алдағы уақытта осындай ауқымды турнирлер көп болады дегенойдамын» -дейді, «Sagadat batyr - QTT» клубының президенті Ерболат Тұрымбетов.

Айта кетейік, бұл турнир «Sagadat batyr – QTT» клубы мен Іле аудандық «НұрОтан» партиясы филиалының қолдауымен өтті.