Алматы маңында құрғақ шөп өртеніп жатыр

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы аумағында және Алматы облысының «Думан» шағын ауданында, сондай-ақ Талғар ауданының Бесағаш ауылында құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 17.00-де Алматының Төтеншежағдайлар департаментіне Алматы облысының Талғар ауданы Бесағаш ауылында тауетегіндегі құрғақ шөп жанып (15 га) жатқаны туралы хабарлама түсті. Бұл учаскеАлматы территориясымен - Думан шағынауданының Әбжаппаров көшесімен шектеседі. Жалынменкүреске Алматы облыстық ТЖД-ның 4 адамы мен 1 техникасы, жергілікті атқарушыорган мен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалының 29қызметкері мен 6 техникасы дереу жұмылдырылды. Өңір құтқарушыларына көмеккеАлматы қалалық ТЖД-ның 45 адамы мен 9 техникасы аттандырылды. Алматының Құтқаруқызметі су таситын 25 көлік жөнелтті», - деп мәлім етті Алматының Төтеншежағдайлар департаментінен.

Қазіргі уақытта барлық бағытбойынша жалынның жеке секторға ауысу қаупі жоқ.

Еске салайық, 11тамыз күні Көктөбебөктерінде құрғақ шөп өртенген болатын. Онысөндіруге тікұшақтаржұмылдырылды. Көп ұзамай оқиға орнына Алматы әкімі БақытжанСағынтаев барды. Бұл жердегі жалын ауыздықтала бере, сол аймаққа жақын жерде өрттің тағыбір ошағы тұтанды. Бұл жолы тілсіз жау Диваев көшесіне жақын болды. Қызылжалын 1000 шаршы метр аумақты жалмаған. Сол жерден өрт сөндірушілер бірадамның денесін тапты. Қылмыстық ісқозғалды.

13тамыз күні Алматы қалалық ТЖД дала өрті туралы тағы хабарлады. Бұлжолы жалын Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолды шарпыды.



Соңғы жаңалықтар