Алматы облысының полиция департаменті хабарлағандай, Алматы-Жандосов автожолы бойында ЛиАЗ көлігінің тежегіші істен шыққан. Соның кесірінен автобус жүргізушісі 8 автокөлікпен және 1 трактормен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан автобуста болған бірнеше жолаушы мен жүргізуші Қаскелең ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жұмыс жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіге шықты.