Еске салайық, 3 қазан күні Алматы-Шымкент бағытында санитарлық авиарейсін орындаған «АН-28» ұшағы сағат 18:47-де Алматыдан 28 шақырым қашықтықта радардан жоғалып кетті. Артынша сағат 19.15-те ұшақ Алматы облысы Іле ауданының Междуречинск ауылы маңында апатқа ұшырағаны анықталды.
Бортта бес адам: екеуі Қырғызстан азаматтары - әуе кемесінің командирі Г.Цой, борт технигі Б.Ақтамбаев, сондай-ақ, Қазақстан азаматтары - екінші ұшқыш Е.Кутафин және екі медицина қызметкері Т.Патсаев пен Ж.Артықпаев болған. Алматыдағы Қырғыз Республикасы бас консулдығының мәліметінше, Қырғызстан азаматтарын туысқандары таныған. Бас консулдық тиісті құжаттарды алуға көмек көрсетті.
Бұдан өзге зардап шеккендердің отбасыларының East Wing әуе компаниясы өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылып, әуе компаниясы қаза тапқан азаматтардың мәйітін өз елдеріне жеткізудің бар шығынын өз мойнына алды. 4 қазан күні кешкісін марқұмдардың мәйіті салынған екі көлік Қырғызстанға жолға шықты.