Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған дерекке сәйкес, қураған ағаштың өртеніп жатқаны туралы ақпарат сағат 13:33-те түскен.
«Өрт шыққан жерге Боралдай ауылының №9 өрт сөндіру бөлімшесінің 5 маманы мен екі техникасы, Өтеген батыр ауылының №8 өрт сөндіру бөлімшесінің 6 маманы мен екі техникасы, Алматы қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру және №19 бөлімшесінің 8 маманы мен екі техникасы жұмылдырылды. Сағат 15:28-де өрт оқшауланды», - деп атап өтті облыстық департаменттен.
Айта кетсек, Алматыдағы көтерме сауда дүңгіршектері отқа оранып, өрт сөндірушілер 25 минуттың ішінде қызыл жалынның одан ары таралуына жол бермеген еді.
Сондай-ақ, Алматыдағы «Саудакент» базарынан да өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.