Аталмыш шараға орай онда әртүрлі мәдени-бұқаралық шаралар өтеді. Шара бағдарламасында британ рок фестивалін өткізу көзделген. Оған композитор Наджиб Вильданов, Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі Дэвид Моран, «Фрайдейс», «Достар», «Станд Арт» топтары, сонымен қатар, жас британдық рок музыкасын орындаушылар қатысады.
1 Мамыр күні бард әндерінің фестивалі мен концерттер өтеді. Шара барысында ат ойындары, шыңға өрмелеу сынды түрлі спорттық шаралар өткізілмек.